Жәй ғана бір шимайлап жазған өлеңім ғой)))Ұйқастары онша келісе бермейтін секілді...
Арнаймын мен бұл өлеңді бүгінде,
Батырларға,тарихқа бір үңіле.
Солардың біз арқасында жеттік қой,
Бостандыққа,тәуелсіздік күніне.
1941-де ұлы соғыс басталды,
Бір-біріне мылтық атып,бомба-дағы тасталды.
Сонда дағы қазағымның қайтпас қайсар жастары
Қолдарына мылтық алып,жауға шаба бастады.
Батырларым елін-жерін,күн-түн демей қорғады
Жүрегіңді ауыртады көп соғыстың болғаны.
Сол соғыста қыршын кетті,талай қазақ боздағы,
Артта қалды талай ана,баласы үшін боздады.
Қара халық батырлардан жеңіс туын күтеді.
Бұл бір күндер қазақ үшін ауыр күннің бірі еді.
1945-те сұм соғыс та бітеді,
9-мамыр күні жеңіске жеткен күн еді.