Желтоқсанның сықырлаған аязы

Желтоқсанның сықырлаған аязы
жеке
блог

Желтоқсанның сықырлаған аязы,

Дірілдетті, тоңдырды менің бойымды.

Ұмтылсам да, ұмытайын деп оны

Кетпей қойды, бөле берді ойымды.

Азаттықтың болды ғой ол негізі,

Мейрамдайтын тәуелсіздіктің егізі, 

Үлкен әріппен жазылды ол тарихта,

Желтоқсанның он жеті мен он сегізі.

Ұрсадағы, қусадағы итпенен,

Үш күн бойы сол алаңнан кетпеген.

Әруағыңа бас иемін құрбандар, 

Осы күнге ғұмырларың жетпеген.

Түсінбейтін "Желтоқсанның" бағасын,

Жазылмайтын қазақтың бұл жарасын,

Айыптаймын некен-саяқ барларды

Дүниеқоңыз, сасық кеуде жандарды