Жібіткін келсе жүрегін қыздың

Жібіткін келсе жүрегін қыздың
жеке
блог

Жібіткін келсе жүрегін қыздың,
Гүл сыйла достым, мейрамда емес.
Қыз деген ана, қарындас біздің,
Тас кеуде, қатал меймандар емес.

Ащы сөйлеме, тәтті әпергін,
Күнделік жүрсін қуанып.
Үйіне әркез ырыс әкелгін,
Көңілге берер, нұр анық.

Алдама,ешқашан сүйгенінді,
Үйленбей беріп көп сертті.
Міндетсінбе, отқа күйгенінді,
Мас кезде қойып концертті.

Ерлердің көрдім,талайын егес,
Көрсетер билік іспенен,
Қыз деген сенің малайын емес,
Жұмсайтын күнде күшпенен.

Махаббат деген,емес уақытша,
Кететін еріп ақ қардай.
Сезімдер болсын жақұтша,
Алғашқы тәтті шақтардай.
Сайлау Сұлтан