Жайық үні

Жайық үні
жеке
блог

Жайығым, жарық үнің, баурап толқын
Салады ән баурайың, сайрап күлкің
Жаныңа мен жете алмай әуре болам
Сен, тіпті, жеткізбей бір, кете бердің

Лай қылып, бүлдірдік-ау бар бейнеңді
Жайнатпайды бұрынғыдай саз кеудеңді
Қоқыс қойып, санаңа салып жара
Сол қоқысқа біз тықтық "ұят" дегенді

Суыңда барады, ішіне қарай тартылып
Алаулап жаның, өрт боп бара ма өршігіп
Түсіне алмай әлі, көңіліңді мың құбылған
Бара ма жүзің байқатпай бізге өшігіп

Өзгертті адам,
Өзгертті заман жағалауды
Бұл "тұлғалар" ұнатады серуен, аралауды
Жақсы көрдім,
Жақсарттым ойша тағы жағалауды
Білмейді бірақ,
Бір пенде қолда барды бағалауды

Жиекте ойнап, бұралған ғашық Қыз Жібегі
Сезімі Төлегеннің әке аттап, жеткен еді
Кешіп өзен, толқынымен жасаған махаббаты
Жасай алмадық біз жақсы қылып,
Жаман болған, зар болған Жайық халді

Санамай күнді, сарылды гүлді Исатайың
Бастап батыр Махамбет жырдың жайын
Өзіңмен суғарып-ап жылқы досын
Өзіңді қорғау үшін болмай тайын

Асыр салып, бала күнде Халел, Жаһан
Куә едің бәріне болдың пана
Біреулер шабыт іздеп, қылды арман
Мұң-зарын, өмірін шақты саған

Тамырыңда ойнақтамай балық Жайын
Оларда бір ойлады ма судың жайін
Шағалалар көрмедімгой төбеңде мен
Ұшпай кетті, сезді де,
Жоқ екенін Жайық сайын

Фаризаң деп еді ғой өзің жайлы
"Аса алмай жаға жардан жатырмысың?"
Аспақ түгіл(і), жағаға да жетпей қалды...
Булығып, өзен беті шайқалысып
Естімейтін бір үнмен айқайлайды:
"Көмектесер, ей, біреуің бармысың?"

Ренішің, ыза-өкпең бәрінде түсінемін
"Қолымнан не келер" деп, күрсінемін
Жарық күнің сөнбесінші көгіңде
Сен "жата бер" осылай, еш түңілме
Бәлкім, көрер көрінісің көп болар
Шыдай түссең бүгінгідей ертең де.