Жауын ©Фазыл Жандос
жеке
блог
блог
Ақ жауын сіркіреп тұр, тұрмын күтіп
Баяғы ғашығымды, көңіл түніп.
Жаңбыр суы тым салқын, бірақ – жандағы,
Бар жараны әйтеуір тұр ғой сүртіп.
Айналам таңғажайып, жаңбыр неткен
Керемет көрініс тұр, қалшы – кетпе!
Бар күнәнің арылған кезі осы
Арылдым сенесің бе мен де дерттен
Жаңбыр асты серуендеу мендік ісім
Тексіз айғай, күлкімен, сауық құрсын.
Шопеннің вальсіне кел билейік,
Естіле ме, байқашы жүрек дүрсіл?
Оқырман айтшы шынды , сұрақ жеке?!
Симфониядан мына тылсым, басым кеткен
Сырлас бүкпей, жаңбырдан не сездің ал......?
Маған да дәл осылай әсер еткен...