Аңсарым ауып бейнеңе көктен мұнартқан.
Жырыма сіңсе сағыныш, сырыма сезім,
Көндіге алмайтын көңіл бар мұны қайтемін?!
Күбір де күбір көп сөзден ақтап алатын,
Ақ ұлпа сынды кіршіксіз жырың-ай сенің!
Түнекте жалғыз өзіңді тұрмын сағынып,
Бір жарық іздеп жүрегім, бұлқынса-бүлік.
Көктің төсінен әнекей бір жұлдыз ақты,
Тілегімді айтпан, үзгенмін жұлдыздан үміт.
Әлдилейін мен, осылай қалғы тіршілік,
Ұйқысыз күнде атырам таңды күрсініп.
Түгесілгенде хаттарың, келеді Көктем,
Жауабым деп біл сиреннің әрбір бүршігін.
Әлия ІҢКӘРБЕК