...ЖАУАП...♕♕♕
жеке
блог
блог
Алғашқы қармен өзіңнен жеткенде хаттар,
Аңсарым ауып бейнеңе көктен мұнартқан.
Күлімдеп көзім тұрғанмен,жүрегім ән сап,-
Көңілімде ауыр жүгі бар көктемнің артқан.
Жырыма сіңсе сағыныш, сырыма сезім,
Көндіге алмайтын көңіл бар мұны қайтемін?!
Күбір де күбір көп сөзден ақтап алатын,
Ақ ұлпа сынды кіршіксіз жырың-ай сенің!
Түнекте жалғыз өзіңді тұрмын сағынып,
Бір жарық іздеп жүрегім, бұлқынса-бүлік.
Көктің төсінен әнекей бір жұлдыз ақты,
Тілегімді айтпан, үзгенмін жұлдыздан үміт.