Жасасын қазағымның ана тілі!

Жасасын қазағымның ана тілі!
жеке
блог

Жасасын қазағымның ана тілі!

 

Айтайын әңгіменің артын бағып,

Біз бе осы бір кездегі ақын халық?

Анадай ардақ тұтар тілімізді,

Менсінбей неге мұнша салқындадық?

Әлде, біз қазақпыз деп қалада өскен,

Кеттік пе? «здрасте» «молодеспен»?

Мен өзім шамданбайын ағайынға,

Бұл нағыз қазақ емес, шала дескен.

Әрине, тұрмыс ауыр, аз ақшамыз,

Жатырмыз түсіп және таласқа біз.

Бірақ та сол байлықтың керегі не?

Егер де құрып кетсе қазақшамыз.

Тұратын түсіне алмай айналаны,

Белгілі біреулердің бай баланы,

Жат жұрттың жетегінде кетсек бұлай,

Оңбаймыз, онда тілің байланады.

Заманның төтеп берер зардабына,

Араша түспеймісің ардағыңа?

Ылайм қанат жайсын қазақ тілі,

Ілікпей қасіреттің қармағына.

Батпасын аспандағы арай күні,

Қазақтың осы бүгін қалайтыны.

Біз үшін жұпар ауа, шуақты күн,

Ардақты ана тілі, Абай тілі.

Жасасын  қазағымның, Ана тілі!