Жапырақ құлап барады...


Көз алмай маған қарады

Бола алмадым ба  сабырлы

Жапырақ  құлап барады,

Жұбатыңызшы жанымды.

 

Көктеммен жеткен өскінді

Тоңдырды ма екен суық жел

Сыңсыған үні естілді

Cолдырды ма екен үміттер.

 

Әндетті ме екен ол әлде

Тағдырын қосып жырына

Жылады ма екен жоқ әлде

Саз қосып дүние мұңына.

 

Кірпігім меруерт үзгені

Қалаға жаңбыр жауыпты.

Жапырақтың жерге түскені

Жүрегімді неге ауыртты?!   

 

 Көктемін бәлкім сағынды

Бейкүнә жаны жаралы.

Жұбатыңызшы жанымды,

Жапырақ құлап барады... 
   
Жұлдыз Бейсек   



Бөлісу: