Жанымда қалшы!!!

Жанымда қалшы!!!
жеке
блог

Жылаған сәтте жанымды ұғар
Тамшылап аққан жауын боп.
Биіктеп тұрар, ең биік асқар,
Аласармайтын тауым боп.
Жаурағанымда жылытар мені 
Алаулап жанған жалын боп.
Сағынғаныңды білдіртіп тұрар
Қыстағы ызғар дауыл боп.
Әрбір күнімде менімен бірге 
Арайлап атар таңым боп.
Жүрегімдегі кіршіксіз таза,
Мөп-мөлдір, аппақ арым боп.
Өмірлік күткен бақытым, бағым,
Қуанышым, барым боп.
Демім біткенше кеудемде жүрер 
Мәңгілік менің жаным боп.
Жанымда қалшы!!!

© Гульжайна Бектегенова