Жаңбырлы шақ
жалындап мен келемін,
Тағдыр құсап сені іздеп сенделемін.
Қандай жақсы сен жайлы өлең жазып,
Өлеңімнің ішінде өлмегенім.
Жүйткиді уақытпен нән көліктер,
Жаңбыр құсап жалғыз-ақ жан төгіп көр
Тармағында өлеңнің ән саламын,
Тамшылармен сен-дағы ән салып көр.
Қолшатырсыз адамдар...
қала, көпір
Тамшылардай секірер бала көңіл.
Сеніп қойып отырсам сен келер деп,
Аялдама...
балшығын шашады өмір.
Жұлдыз БЕЙСЕК