Жанарыңның ішінде жайқалайын...
жеке
блог
блог
Түн тербетер әлдилеп ай – сұлуын...
Тартады екен жанымды қай жылуың?
Сен де мені тербетші әніңменен,
Өзің келіп тоқтасын қайғыруым.
Жаттатқызып атыңды ай, жылыма
Күн кешкем көңілсіз бе,
Қайғылы ма?
Өзіңмен ұшып кеткен бақыт құсым
Қанатын малсын қайта айдынына.
Жүрегімнің сөздерін қайталайын,
Жанарыңның ішінде жайқалайын,
Сурет салсын жұлдыздар аспанына,
Мен сенің иығыңда жай табайын.
Жұлдыз БЕЙСЕКОВА.