ТАҢДАУ
ӨМІР ДЕЙТІН ОРТАСЫНДА ДӘЛІЗДІҢ,
ЕБЕДЕЙСІЗ ЖАН ЕКЕНМІН КЕЙДЕ ЕПТІ.
ӘЛІ ЕСІМДЕ ОТЫЗЫНДА ТАМЫЗДЫҢ,
ӘКЕМ ТАҢДАП БЕРГЕН ШАЛБАР,КӨЙЛЕКТІ.
ШАЛА ДА ЕДІМ,БАЛА ДА ЕДІМ ЕСІРГЕН,
БАСЫЛМАҒАН ТЕНТЕКТІКТЕН АПТЫҒЫ.
ӨЗІМДІ АЛДАП ЖАСЫРАЙЫН НЕСІН МЕН,
ӘЖЕМ ТАҢДАП БЕРГЕН ЕДІ-АУ ТӘТТІНІ.
ОЙҒА КЕЛГЕН ОЙРАН СӨЗДІ АЙТ,ЕЛІМ,
СОЛ БІР КЕЗДЕР ӨЗІМ ҮШІН БАҒАЛЫ.
БОЛАШАҚҚА БАҒДАР ЕТІП ҚАЙТЕМІН?!
МҰҒАЛІМІМ ТАҢДАП ҚОЙҒАН БАҒАНЫ.
БОЙЫМДА ЖОҚ МЕНМЕНСІГЕН ТҮСІНІК,
ОЙЫМДА КӨП БІРАЗ ҰҒЫМ АР ЖАЙЛЫ.
МЕНІҢ БЕРГЕН АУҚАТЫМДЫ ЫСЫРЫП,
КҮШІГІМ ДЕ ӨЗІНІКІН ТАҢДАЙДЫ.
ЖАСЫМА ДА,БІРЕР УАҚЫТ КҮЛЕ ТҰР,
ҚАСЫМА ДА САҚТАМАЙМЫН КЕГІМДІ.
"ТАҚИЯЛЫ ПЕРІШТЕДЕЙ ЖҮРЕ ТҰР",
АНАМ ТАҢДАП БЕРЕМ ДЕЙДІ КЕЛІНДІ.
ОЙҒА КЕЛГЕН ОЙРАН СӨЗДІ АЙТ,ЕЛІМ,
СОЛ БІР КЕЗДЕР ӨЗІМ ҮШІН БАҒАЛЫ.
БОЛАШАҚҚА БАҒДАР ЕТІП ҚАЙТЕМІН?!
МҰҒАЛІМІМ ТАҢДАП ҚОЙҒАН БАҒАНЫ. 17.09.2017
Мама!
Қайтейін,
Күлем бе
Әлде мұң
Әлегі бітпейді әрненің
Даңғара дауы көп тіршілік
Айтсаңшы барма емің
Өмірім,өлеңім,ғұламам
Қоймаппыз сөзіңе сірә,мән
Жаныңды мен қайтсем ұға алам
Әйтеуір құламан,жыламан
Жыр жазам,
Түріме қарамай
Күлесің ұлым деп,баладай
Анашым мұң бар ғой
Білемін
Осыны ұқпаған санам-ай
Әйтеуір
Кім сені ұғады
Тірліктің ызылдап жыланы
Жаңағы
Соңында сол жылан
Бәріне болады кінәлі
Сұм жылан
Артында адам бар
Анашым мұңайма бағаң бар
Үш ұлдың көрінбес әлегі
Мен сені көтерем
Шамам бар
Мама
Өмір ғой
Мұң менен шаттық бар
Басыңа қонатын бақ,құт бар
Өлеңнің құдіреті өзіңсің
Құдіретте тек биік шоқтық бар
Мүмкін..
"Өлең жазуға құмар,ә бозбалаң нағып,
Өшіп қалуы мүмкін ғой маздаған шабыт".
Бәлкім мүмкін ғой жас ұлдың рухтануы да
Тірліктен аз ғана налып
Ертең бітуі мүмкін-ау аз ғана тірлік
Жасып алатын жасындай ұлды,ұқ
Жалған болуы мүмкін-ау кіл дөкейлерден
Шығатын шындық
Мүмкін керек пе?
Ар-намыс оттай жануы
Бір-ақ секунд жүректің соқпай қалуы
Мешіттен шыққан ибалы арусымақтың
Әбден мүмкін ғой клубқа тоқтай қалуы
Суып кетуі мүмкін ғой жылу арлары
Ағаш біткеннің күн шықса сыну әр жағы
Бір-екі тонна бояуы бар...
Жүректердің
Мүмкін ғой сұлу болмауы
Ақын біткеннің болады сөзі қаруы
Мүмкін ғой әкімсымақтың өзі налуы
Қарттық шағында " қарт үйге"апарған ұлдың
Мүмкін ғой өзі баруы
P.S
Бауырдың көремде аз дауын
Бәрі де мүмкін-ау деймін
Мүмкін мен өлең жазбауым
Бірақ бұл күлкілі-ау деймін
Мүмкін ғой...
Авторы: Ақтілек Орынбасар
Мен Ақтілектің өлеңдерін желідегі парақшасынын оқитынмын. Оның өлеңі мен үшін ең керемет өлең болып көрінеді. Оқыған сайын, оқи бергің келеді... Қаламың мұқалмасын Ақтілек! Заманыңның заңғары бол! Нұрлыхан досың!