Хатым жүр жаздың гүлінде...
жеке
блог
блог
Хатым жүр жаздың гүлінде,
Оқи алмадың бірінде...
Өзіңе айтпаған сөзімді
Желге айтып тұрмын бұ күнде.
Еткен бе мұңсыз естіні,
Естімей кетсең, кеш мұны.
Сағындым деген сөзімді
Сарғайған жапырақ естіді.
Түнім-ау тұнық келдің бе?
Айттың ба сырды, жел, түнге?..
Ұнаттым деген сөзімді
Жұлдызға жаздым көрдің бе?
Бұл уақыт бізге көне ме,
Жаңбыр боп жасын төге ме?
Айта алмай қалған сезімді
Айға айтсам саған жете ме?
Жеткен бе гүлдің батылы
Сөйлеуге саған, жат үні.
Қағазға төктім сырымды
Айта алмай қалып ақыры.
Жұлдыз БЕЙСЕК