Гүлдер менің үйіме көше ме ертең?..

Гүлдер менің үйіме көше ме ертең?..
жеке
блог

Гүлдер менің үйіме көше ме ертең?

Махаббаттың демі аңқып көшелерден.

Балконымның түбінен күй ойнатып,

Бақытымды ертемен еселер ме ең?!

 

 

Ару қыз боп сыланса той алаңы,

Үйлер өлең жазумен оянады.

Мереке деп қылтиған шөптің басы,

Қызғалдақтар далаппен боянады.

 

 

Сыбызғы үндей самалдың ырғағында,

Билегісі келгендей сырғамның да.

Бір шоқ гүлмен қолыңда,

есік қақсаң,

Өлеңімді аяқтап тұрғанымда.

Жұлдыз Бейсек.