Ғайып болма!

Ғашықпын

Көңілден кетіп пенделік кірбің
Өмірге мендік сен келіп кірдің.
Шынайы сол бір қылығыңменен
Жүдеу жанымды демде еліктірдің.

Қабыл алғандай Тәңір дұғамды
Көзің де сөзің, бәрі де ұнамды.
Шақырдың қалқам тым жырақтағы
Шабыт дейтұғын кәрі қыранды.

Сеземін сендей бақ таба алмаймын
Өзіңсіз жарты боп қалардаймын.
Әзер тапқанда ғайып болмашы
Қап-қара көзді, ақша маңдайлым.

Ғашықпын сенің көркіңе керім
Музам да сенсің, сенсің өлеңім.
Май құярмысың, су себермісің
Сезімнен жанған өртіме менің... 

(с) Еркөбеков Нұрсұлтан



Бөлісу: