Ғашықпын,иə ғашықпын
Көңілім қайда асықтың?
Ақынға неге ғашықпын,
Тапқандай кілтін бақыттың.
Жас жүректі бағалаңыз,
Басқа жанға қарамаңыз.
Көре алмаған жүзіңіз
Арман болған өзіңіз.
Сұрамаңыз неге деп,
Жүрегім тұр елеңдеп.
Ғашық қылған жүзіңізді
Көрер күнім келер деп.