Фариза ақынға арнау
жеке
блог
блог
Кішкентай қыз қалам ұстап тұр алдыңда,
Естимісің, Ақын Ана? Келші мұнда.
Сезімнің суретшісі, қаламменен
Көрсеттің махаббатты көр соқырға.
Құдірет бар, сыр бар әрбір өлеңіңде,
Таң қаламын паң бейнеңді көремін де.
Сіздей ақын қазақта болғандығын
Мақтап етем, шәкірт болып жүремін де.
Арманым да орындалды өлеңіңде:
Өлеңді паналаттың жүрегіме.
Жүрек, шіркін, тағдырдан да тайсалмайды,
Сезім мен жан тәнмен бірге өледі ме?!
Жырларың есіміңмен ұмытылмас,
Жас ұрпақ өнеріңе табар жалғас.
Жадымызда сақталады мәңгі мұраң,
Жанына әр қазақтың болдың сырлас.
Ұлы Ақын, біз өзіңнен үлгі аламыз,
Ақын болып өсіп жатқан мың баламыз.
Өзіңдей ұмтыламыз тек биікке,
Өзіңдей боламыз деп жыр жазамыз.