Елін сүйген - Елбасы

Қазақстан бабамнан қалған мұра,   туған ел жерім менің Отан-Ана.Отан десе кеудемді шаттық кернеп, төңірекке тіл қатамын бір толғана.Тәуелсіз Отанымның шежіресі,        Нұр атамның атымен басталады.Ерік алдық, ел болдық сынға түсіп,  енді кімнен қазағым жасқанады?Жырлаймын ашып жан сарайын,      бар әлемге танытқан елдің жайын.Өзге елге қазақты мойындатқан,     Нұр атама арнап бір ән жазайын.Әр жолдауы халқының қамы ғана,    "Елім үшін не істей алам" деген сана."Нұрлы жол - болашақ жолы" деп,    халқы үшін етеді ол жанын пида.Қазақстан ұлт атын ұлықты еткен,    ұлылардың мақсатын биіктеткен.Өзге ұлт,өзге ұлысқа қоныс болып,   оларга да жақсылық үйіп-төккен. Сондықтан бүгін менің үнім асқақ,   жырымды көсілтемін еліме арнап.Батыр ұл, бақытты қыз, өжет өрен,   болашаққа барамыз көшті бастап.


Бөлісу: