Ел рахметі
Өмiрi өлең,тамыры терең елденсiз,
Асыл ауыл Шамалғанннан өнгенсiз,
Қазақ елiн дүниеге танытып,
Алашымның бағы үшiн келгенсiз!
Қайнап шығып бiрлiк атты қайнардан,
Елiм бүгiн Ақ барысқа айналған,
Сiздiң дана бастамаңыз бұл күнi,
Ұрпақ үшiн игiлiкке айналған.
Егесi жоқ ел ешқашан болмайды,
Сiз бас болып орнаттыңыз қолға айды,
Елiңiздi тек iлгерi бастаңыз,
Қаймана жұрт сiздi ғана қолдайды.
Қазақ үшiн қамқоршысыз, панасыз,
Түсiнбейдi бұны кейбiр санасыз...
Күллi әлемге көрегендiк ой тастап,
Ұрпағыңыз мақтанардай данасыз!
Үшқоңырдың төрінен,
Ақын-батыр елінен,
Қызыр қонған жерінен
Ел раxметін жеткізген:
Ляззатқызы Гүлзада!