Екі ойлы емес ем...
жеке
блог
блог
Айтарлықтай қайдан болсын бізде сыр
Қызғаныш бар жанарыңды торласа
Бәрін өртеп жіберер ем бір сәтте
Өзім күйіп қалатыным болмаса
Жарты әлемді табаныма басар ем
Саған барар білмеуші едім жолды аса
Мейлі қырдан,таудан мейлі асар ем
Мені күтіп тұрмағаның болмаса
Мықтығылың шығар сірә ақылың
Жүрегіңді мұңнан бір сәт қорғаса
Сені әйтеуір түсінуші ем ақырын
Түсіндіре алмайтының болмаса
Кім едік деп,түнеріп кеп қабағың
Көктеміме күз дейтіні болмаса
Өксігіңе жұлмаланып тамағың
Үмітімді үз дейтіні болмаса
Кейде келіп күннен биік ақ арың
Көңілімде "сіз" дейтіні болмаса
Сарғайса да сорға біткен сабағың
Тамшы тамса іздейтіні болмаса
Екі ойлы емес ем...
(C) Абзал Алтый