Достық пен Бастық

Достық пен Бастық
жеке
блог
Нағыз достық дегеніміз осы еді...
Ортақ болып ішкен асы, төсегі,
Алақандай бір ауылда асыр сап,
Екі бала бірге ойнап өседі.

Екеуіне ортақ болды бәрі де,
Дәл осылай жүрсе деймін әлі де.
Екеуінің достығына жүруші ед(і),
Разы болып жасыменен кәрі де.

Екеуі де білімменен достасты,
Тек еңбектен қаламады басқа істі.
Жақсы аяқтап он бір жылдық оқуын,
Алтын ұя мектебімен қоштасты.

Екі достың армандары қыр асты,
Қалаға ке(лі)п білімдері ұласты.
Екеуі де бір оқуға тапсырып,
Бір бөлмеде, бөліп ішті бір асты.

Осылайша жыл артынан ай да асты,
Мәңгілік дос болып олар  байласты.
Жұмыс таппай бірі кетті ауылға,
Екіншісі жылы орынға жайғасты.

Жұмыстағы досы бірден өзгерді,
Тыңдамайтын болды кейбір сөздерді.
Мансабы мен байлығына мас болып,
Ұмытып та кетті сол бір кездерді.

Сағыныштан өзек жанып барама?
Шыдай алмай, жылдар салып араға,
Құрбысының жайын біліп қайтуға,
Ауылдағы досы келді қалаға.

Біраз іздеп, келді достың үйіне,
Зәулім сарай, жақсы екен күйі де.
Қуанғаннан қақты есігін аптығып,
Досы шықты қос қабағы түйіле.

-Кешір достым әлі талай боларсың,
Жолдан келгем, жағдайымды ұғарсың.
Жұбайымда шаршап келді жұмыстан,
Ренжімесең қонақ үйге қонарсың

-деп зарлады, қабағын бір жимады,
Бес –ақ минут уақытын да қимады.
Тар төсекте бірге жатқан жан досы,
Екі қабат зәулім үйге сыймады.

Ернар Жақсыбаев