Дос деген кім?
блог
Дос деген не?
Немесе кім?
Түсіндір !
- Достық дей ма?
Келтірме менің күлкімді,
Бұл сұрақтың өзі неткен біртүрлі!
Сұм заманда əркім ойлар өзі басын
Бəрі ұмтылар дос болуға біркүнгі.
Бұл заманда бəрінде бар бетперде
Достықпенен сатқындыққа келгенде.
Бас пайдаға пайдаланып достарды
Лақтырады айы күні жеткенде.
Аузым күйген талай сондай достардан ,
Көңіл қалған солар құрған жоспардан.
Енді міне айтамын мен бəріңе
Достық деген бос далбаса əрине!
-Қателеспе, сақта қане сабырды !
Достық деген алапат күш қадірлі,
Келісемін қазір заман тарылды ,
Бар адамдар ұяттарынан арылды ,
Шымылдығы адалдықтың жабылды.
Бірақ жандар бар əлі де
Ұмытпаған адал достық өмірді.
Егер өзің бола білсең жақсы дос
Сезінер ең сен де достық көңілді.
Солай достым қатты айтылған сөзіңмен
Ренішіңді көріп тұрмын көзіңнен.
Сондықтан да саған айтар ақылым ,
Адал досты күте білгін төзіммен .
Бұл өмірде бəрінің өз заңы бар
Дос болуды баста қане өзіңнен!