Далада түн...
жеке
блог
блог
Далада түн...
Ақтарылып сан армандар түлеген,
Жүзімде нұр, күлер ем...
Бүгін міне, менің алып кеудемде,
Қалың тұман түнеген.
Бақыт қайда, шаттық қайда кешегі?
Оның бәрі құр елес, түс еді,
Мені тастап кете барды барлығы,
Сол себепті еңсем менің түседі.
Жайқалмайды гүлдер бүгін бақшамда,
Оттар сөнді, қайталатып жақсамда.
Күн күлмейді, ару айда жабырқау,
Жұлдыздарын жасырып ап аспанда.
Далада түн... Бәрі, бәрі қап қара
Жанымды кеп қара тұман таптаған.
Бәлкім мені өлтіргісі келді ме,
Бетперделі қара адамдар қаптаған.