Чайка ару
блог
Чайка ару
Ойнақтап отты баспа
Байқа ару.
Баба салт, дастурине жат емес пе?
Қысқа етек ашық - шашық тойға бару...
Мұсылман қазақ қызға жараспайды
Еркекпен жалғыз қонақ жайға бару
Шайтанның соңына еріп,
Еркектерді
он-солды керегіне пайдалану.
Бір күнде омиринди талқан қылған,
Мүмкін бе пәктігінді қайтара алу.
Чайка ару
Бұл не деген бассыздық майдалану
Айтсаншы ей нәпсіге тойған ару.
Нәпсі мен көк қағаздың құлы болып
Адамдық қасиетін жайған ару.
Арына дақ түсіріп,
барлық қыздың
Бағасын төмендетіп қойған ару.
Иманды арулардан үлгі алсаңшы,
Жанға шуақ шашатын бойға дәру.
Түнгі клуб, сауна, кафе жағаламай
Ахиреттің жауабын ойлан ару.
Арманы асқақ қаракөз қарағым - ау,
Қайда бастап барасың, қайран ару?
Көше кездің...
Соңынан еріп жүріп бос елестің!
Балиғат, камелеттен астың ойлан,
Бағдарлап болашақты, жас емессің.
Түсінетін жасқа да жетіп тұрсын
Ду - думан сауық - сайран дос емессің
Нәпсіні тый, тәнінді жап, иман келтір
Күншілдер үндемеген десе десін
Жаманнамның отынан сактансан сен
Ахиреттын ойланғын мәселесін
Шыбын жанын кеуденнен шыкпаганша
Есте сақта ештеңе кеш емесін...
А.ЕРЖАНОВ