(c) М.Мақатаев

Қанша күнің, санап көр текке кетті, 
Қанша жанды, санап көр, өкпелеттің. 
Адамдықтан адасып қаншама рет, 
Қаншама рет ауытқып, шетке кеттің?! 
Ал, қанеки, санап көр, санағышым! 
Сарқылмастын тұрғанда сана-күшің. 
Не жақсылық көрсетті адам саған? 
Не жақсылық жасадың адам үшін? 

(c) М.Мақатаев



Бөлісу: