Бұрымдыға білекті
Көп жігіт бұрындары хаттар жазған,
Ал бүгінгі адамдар оны ұмытқан,
Қазір ешкім, хат жазбайды ешкімге,
Әлеуметтік желіңіз орнын басқан.
Адамдар белсінді ғой желілерде,
Шын өмірде сөйлемейді тым көсіле,
Ақпараттық кеңістікте донжуан,
Ал өмірде танысудан қысылған.
Қанша қыз жүр қазақта өзі жалғыз,
Жанары жасқа толы жанұясыз,
Желідегі серілер желпінгенше,
Қазақтың қыздарына сөз айтыңыз.
Өзімнің әйелім бар құдай қосқан,
Әйтпесе біраз қыздар жымың қаққан,
Бойдақтарды түсінбедім былжыраған,
Көп таңдайтын ойланып, атқанша таң,
Таңдағанның тазға жолығарын,
Түсінер деп ойлаймын, дұрыс ұққан.
Арманы көп қыздардың ошақ қасы
Құралмайды жігіттерсіз оттың басы,
Бұрымдыға білекті бола алатын,
Жігіттері қазақтың қайда осы?
11.04.2017ж., Алматы.
©Шиелінің жігіті
#Шиелініңжігіті #Өлең
Суретке сілтеме: https://baq.kz/kk/news/asil_kazina_makalmatel/uiishi_otbasi_turali20161128_173900