Бүршік

Бүршік
жеке
блог

Бұтақтардың тосып жүрмін бүршігін,
Кеткелі бері аппақ қардың кіршігі.
Өліара созылып, Астанада барады,
Бүр жармады,тұрып алды қырсығып.

 

Қою бұлттар арылмады төбеден
Көктемгі ызғар өте шықты денеден.
Қар суының кепкеніне қуанғанда,
Сылбыр жауын тұрып алды себелеп.

 

Мамыр болды, әлі жоқсың бүршігім,
Көрген сайын , қалам үнсіз тұншығып.
Бұлттар кетсе жарасың ба бүріңді,
Таза аспанда кетсе егер күн шығып!?