Шыдам керек адамға, шыдам керек,
Қиын сәтте адамға шыдау керек.
Мойынсынбай, қиналмай бұл өмірде,
Әрқашанда қиынды жеңу керек.
Ерік бермей ашуменен ызаға,
Шыдамдылық артық етпес адамға,
Шыда, шыда әлі-ақ жадырап жүресің
Шыдамдының болашағы жарқын болар қашанда.