Бүгін тағы үміттерім түс көрді...

Бүгін тағы үміттерім түс көрді...
жеке
блог

Бүгін тағы үміттерім түс көрді,

Көз жасымнан жасаңызшы

 Сіз  көлді.

Жаңбыр асты жасырынып жылаған

Жүзімді де,

Түсімді де  күз көрді.


Көрдіңіз бе,

 маңдайдағы сызықты,

Жалғаңызшы,

Жалғаңызшы,

 Үзікті...

Шық толтырсам етегіме ертемен

Сағынғаным екендігін

 Күз ұқты.


Қайтем енді?

Мұң аңқыған күндерді,

Кімге ұсынам?

Қайғы тартқан түндерді

Қара түнде  айдай болып жарқ еткен,

Бір көре аламыз ба Сізді енді?!

Жұлдыз Бейсекова.