Бөрі арығын білдірмес
жеке
блог
блог
Беріш болып,қатып қалған жүрегің!
Ешнәрсеге,қайғырмайсың,білемін,
Деп айтады,-жақындарым,жан-жарым,
Осы сөзге,қалдым өте таңданып!
Жүремін бе,ылғи ғана түнеріп?
Әдет болып,кетсе керек,күңгірлеу,
Толқуымды,басқа жұртқа,білдірмеу,
Ішкі дүнием,қайнаса да сарқылдап,
Жайдың оты,ойнаса да жарқылдап,
Әншейін ғой,-деп өтірік міңгірлеу...
Ойладым бүгін,екі жүзді-мін бе деп?
Әлде менің кәсібім бе,үндемек?
Жер қозғалса,қозғалмайтын,мінезі,
Атама мен,тарттым ба екен,дәл өзі,
Апам бірақ,еді ғой тым күйгелек!
Ескерткіш емес,менде сендей пендемін,
Өзгешелігім,бет құбылысына,кендемін!
Жүрегім тас,пиғылым лас емеспін,
Тас балбалға,келмейді де,теңескім!
Мен жай ғана,үрейімді жеңгенмін!