Білесің бе?
Білесің бе өмірдің қиындығын?
Сыйын бүгін, Аллаға сыйын күнім!
Мейірімді ол-сұрасаң кешіреді,
Көп болса да, күналар жиынтығын.
Күмән, күдік- сеніммен таласа ма?
Жаман ойлар жақсыға жараса ма?
Жауыздықтың жан досы серігі боп,
Түкпіріне жүректің жара салма!
Не болса, о болсын- мұңайма,
Ең бастысы сене біл- Құдайға.
Көтере алған соң береді,
Әйтпесе тектен-тек сынайма!
Көргенде өмірдің күресін,
Өзінді жақсырақ білесің.
Жасыған, жылаған шақтарды,
Еске алып бір күні күлерсің.