Балалық шақ

Балалық шақ – көк теңіздей, мұхиттай,

Көкіректе қоймас мейір ұйытпай.

Бағалай біл, балалықтың қадірін

Жүрегіңде жылы сақта суытпай.

 

Балалық шақ – патшалық шақ емес пе?!

Ойыңа ал, жеттің қандай белеске?

Балалық шақ – таусылмайтын той-думан

Еске сақта, айналдырмай елеске.

 

Балалығың, бал-бөбектік дәуренің

Балалыққа керекгі не әуренің?

Балалық шақ – бар қызықтың бастауы

Бүкіл өмір сезінерсің сәулесін.

 

Былдырлаған, бал тілі бар сайраған

Ойындарын бар мейірмен ойнаған.

Бал-балалық, естен кетпес естелік

Қызығына өмір бойы тоймаған.



Бөлісу: