БАЛАЛЫҚ

БАЛАЛЫҚ
жеке
блог

Шат күнімді тонады,
Асырып уақыт айласын.
Өмірімнің қонағы-
Балалығым,қайдасың?!

Қасқая қарап күледі, дедің ба екен тағдырға,
"Өмірді менсіз сүреді" деп сол қырда қалдың ба?

Күйімді білсең бұ күнгі-
Кұлыбы жоқ кілтпін.
Мұңды екендігімді,
Неге оңай ұмыттың?

Енді мені көрмеске қолың бұлғап күлдің бе,
Қоштасудың сен кештеу қиындығын білдің бе?

Шытынаған көңілмен,
Қайтіп бейқам жүр дейсің?
Таба алмадым өңімнен,
Түсіме бір кіргейсің.

Шарқ ұрғанда шыдам кем, ұмтылдым мен тұғырға,
Аяның ба бұл әлде, қанат бітті шынында.

Төздім бүкіл ызғарға,
Сен келер деп,таң Нұрым.
Қыран ғұмыр қызғанған,
Құзғын сынды тағдырым.

Күте-күте көкке ұшсам, құшақ жайшы аспаннан,
Жібермеймін деп құшсам, жанарымнан жас парлап...

Кетпе!

Әлия Іңкәрбек