Балаға тілегім.

Балаға тілегім.
жеке
блог

Ұйықта бөпем, құндызым,

Қуанышым, жұлдызым.

Кішкентайым, балапаным,

Ботақаным, бөпежаным.

 

Жарығым, жарқыным,

Нәрестем, жаным.

Қалқам шырағым,

Құлыным менің.

 

Тілеймін саған жеңіл жол:

Алпамыстай батыр бол,

Шоқан сияқты ғалым бол,

Қыз Жібектей сұлу бол.

 

Абай сияқты ақын бол,

Толе бидей әділ бол,

Қазбек сияқты шешен бол,

Айтекедей ақылды бол!

 

Тілегім менің орын алсын,

Басына бақ орнасын,

Қадыр ата қолдасын,

Ұйықың тәп-тәтті болсын!