Бақытты жұп

Бақытты жұп
жеке
блог
Бақытты жұп.

Сен бойжеттің бір даланың гүлі боп,
Мен ержеттім бір даланың ұлы боп,
Бірімізді бірімізге жұп қылған
Жүрейікші махаббаттың жыры боп,
Бір Алланың құлы боп.

Болашаққа нық сеніммен аттанып,
Жүрейікші бұл өмірде шаттанып.
Тәрбиелі жұп болайық екеуміз,
Ата-анамыз отыратын мақтанып.

Бауырларым сыйлап басын иетін,
Ұл- қызымыз бізді қатты сүйетін.
Жұрт қызығар жұп болайық екеуміз
Дос сүйсініп, дұшпан іші күйетін.

Біз келгенде  қуанып бір қалатын,
Сыртымыздан мәз боп назар салатын.
Біз екеуміз жұп болайық үлгілі,
Інілерім бізден үлгі алатын.

Мақсатына жетпей ешбір қоймайтын,
Қуанышты доспен бірге тойлайтын.
Ең көңілді жұп болайық екеуміз,
Барлығына тек жақсылық ойлайтын.

Қиындыққа қарсы тұра білетін,
Бұл өмірде көп қуанып, күлетін,
Ең бақытты жұп болайық екеуміз,
Қол ұстасып мәңгі бірге жүретін.