Бақытты бол, бол бақытты қалайда!
жеке
блог
блог
Тасадағы тағдырыммен табысып
Күрсіндім мен күздің суық кешінде
Жалған мынау тай құлындай шабысып
Ерте күннен ойда қырда есілген
Жабықтым мен жаным мынау адасқан
Көңілімнің күйі қалған үзіліп
Қайғы болды төбемдегі қара аспан
кетті өмірдің қуанышы қызығы
сарғайдым мен сағыныштан дерт енді
аңсап көңіл өткен күннің сауығын
шулатады күзгі дауыл кеудемді
нөсер ойнап төгіп маған жауынын
Үміттендім, жоғалмайтын сол шығар
Пенде басым сенеді ғой әйтеуір
Алдымда енді адастырмас жол шығар
қоштасамын, алыс кетем қайтейін
Өмір жолы шытырмандай білерім
адасуың оңай достым абайла
ғұмырыңа жалғыз ғана тілерім
Бақытты бол, бол бақытты қалайда!