Бақыт пен бақытсыздығым

 

Батыруға сырымды асықтырды күн,
Айтылмаған ешбірге ашып шындығын.
"Бақыттымын" бетперде секілденеді-
Жасыруға арналған бақытсыздығын...

Түндер құштар шырмауға бірді түрсе,
Байқамауға бейіммін тірлігімше.
Түннен сәуле тауып ап түрегелем,
Бақыттымын!
Дегенмен өздігімше.

Өздігімше мұңаям, назданам сосын,
Өздігімше қамығып, таңданам тосын.
Іздейтіндей секілді музасын көбі-
Бармақтай бағын таба алмағасын.

Таба алмағасын төзім қалсын ба?!
Бақытқа өңін теңей алсын ба?!
Бақыт пен мұңым анамның көзі:
Бірі-күлкісі, бірі-жасында...

 

Авторы: Зейноллақызы Мереке



Бөлісу: