Бақыт-ол өзің ғой, жарқыным...

Бақыттың татсам деп бал дәмін,

Қалайсың бағыңның жанғанын.

Ал БАҚЫТ-өзің ғой, жарқыным,
Қолдан-ақ жасап ал қалғанын.

Қондырсаң, алмайтын ұшыра,
Теңеме бақытты құсыңа.
"Мен-Бақыт" деп жаз да, жай ғана,
Салып қой төсқалта тұсына.


Тосындау сый болып тағдырдан,
Бір Бақыт жолықса алдыңнан.
Бәрінен бөлектеу жан болса,
Онымен дос болып ал жылдам.

Ол сізді "Бақыт"деп санай ма,
Жай сұрап көріңіз, жарай ма?
"Бағым тек Бақытпен" десе егер,
Жіберіп алмаңыз қалайда.


Сонан соң күрсінбе Күзде де,
Бақшадан басқа Бақ іздеме,
Ендеше, текке емес, көп те емес,
Бір Бақыт тілеймін сізге де!



Бөлісу: