Бақты бәріне жаратқаным бермеген,
Біреуді аялап,шат бесікте тербеткен.
Көзге ілінбей қалғандардың бірімін,
Кешіп жүрген өзен-ғұмырды,сергелдең.
Бөленер деп бақыр басым бақытқа,
Өлмейтұғын үміт арттым уақытқа.
Болашағым бұлыңғыр ма,білеймін
Жүзіп келем белгісіз бір бағытта.
Жолсерігім,картам да жоқ қойнымда,
Жалғыздығым-бойтұмарым,мойнымда.
Сапар шегіп барсакелмес еліне,
Ұмытқым келеді бардың бәрін ойымда.
Бетпердемді күліп тұрған киіп алғам,
Шын күлкі үшін тағдырдан күйіп қалғам.
Қараңғылық-жанымнын ол бір жақыны,
Сізге ұқсамайтын мендегі биік талғам.
Хайуан болып,қу тіршілік етемін,
Қолым жетпей,ұстауға бақыт етегін.
Жүгіріп келем,жығылып келемін
Табам ба деп шаттық мекенін.