"Біз де бір бақытты өмір сүріп жатқан жоқпыз!"
"Жүрміз ғой шыдап!"-Ініңе ұрыстың батпандап.
Кетіп қалған келініңді көндіріп...қайта қостың
Жас жанұя айрылысайын деп жатқанда!
Бақытты едім ғой мен бір минут бұрын
Бақытсыз болып шыға келдім бүгін.
Ақырын ғана бұрылдым да кеттім,
Бақыт деген жалған-кетсінші құрып!
Бақыт деген сен деп-сенуші едім шындап
Бақыт деген қызым, бақыт деген ұлдар...
Бақыт деген әнің-тұра берер ем тыңдап
Бақыт екен қиял-оның өзі құрғақ!
Бақыт құс емес-елес екен қолдағы
Естіп қалып үркітіп ұшырдым!
Айтайын дегенім сондағы
Бақыттың тілде екнін түсіндім...