Б-бақыт
жеке
блог
блог
Тасмаңдай тағдыр кітабыма
Жазсам әлемнің бар мұңын,
Әділдік тұғырлы тағында,
Білермін ақиқат һәм құнын.
Тұңғиыққа түпсіз тірелген,
Құдіретті жерге егермін.
Жақсылық атауын мен білген,
Жемісін тегін берермін!
Ақпанның қарындай ниеттер,
Аппақ боп әлемге жауса ғой!
Көз жұмып,тілеген тілектер,
Жерден де иесін тапса ғой!
Жақсы сөз жарты ырыс деп еді,
Жамандық сөзін біз ұмытсақ.
Адамға адамдық керегі,
Толады гүл-нұрға кең құшақ!
Жойылып ақ көз,надардар,
Пенделер бір бірін сыйласа,
Маған асқан қандай бақыт бар?
Бөліссем ғаламмен,сыймаса!