Айтбай Мұздахановқа арнау

 

Топырағында аунап өскен Кемердің,

Маңдайына бақ боп туған мына елдің.

Домбыраның қасиетін ұғынып,

Әндеріңді әуелетіп келемін.

 


Қанмен келген бұл талантты бойына,

Паш еткізді бүкіл қазақ жұртына.

Талай қиын бастан кешіп өтседе,

Құнды аспапты серік қылған жанына.

 


Бала күннен өнер атты бұл талант,

Қайнап жатты кеудесінде бұрқырап.

Бүгінгі  күн ұрпағына үлгі боп,

Қала бермек жадымызда шын бұл ат.

 


Дара жолда бастаушысың,жаршысың,

Көрген кісі қызығардай бар ісің.

Сахнадай сарқылмайтын бұл жолда,

Бой түзейтін асыл тұлға бір өзің.

 


Ән құдірет жүректерді тербеген,

Күй құдірет биікке қол сермеген.

Аталынган бұл еңбектің барлығы

Мына бізге оңай жолмен келмеген.

 


Тағдырынан жеңілмеген жас емен,

Күнді кешті,домбырадай асылмен.

Жүріп өткен жолыңызға таң қалып,

Тік көтеріп Торғай тұрып бас иген.

 


Туындысы ұран болған жұртына,

Әуендерді шырқаймыз біз құлшына.

Шырақ жаққан кеудемізге күйімен,

Бүгінгінің батырысыз нар тұлға.

 


Өміріне орасан бір жол салып,

Елі үшін еңбек еткен көп уақыт.

Өзіңіздей талантпен бұл күндері,

Жерлес болған мына маған бір бақыт.

 



Бөлісу: