Аяулы анам

Аяулы анам,

Арымен аялаған,

Жабыққанда жаныңды  саялағам

Бір күлкің үшін күндей жарқыраған

Кешірдім тағдырымды аямаған.

 

Аяулы анам,

Сүт беріп  әлдилеген,

Әлдилейін  мен енді   ән-күйменен

Қайтарып ала алсам ғой бала кезді

Өзіңнен басқа ешбір жан тимеген

 

Аяулы анам

Сөзімен жұбататын,

Мен сенің болмысыңды ұнатамын

Аумаған анасынан десе көп ел

Қуандым, осы  менің -  шын атағым.

 

 

Аяулы анам

Ақкөңіл  аңқылдаған

Жаһандағы ең сұлу жансың маған

Күресуім үшін бар зұлымдықпен  

Күш беріп, жүрші  гүлдей  қалпыңда аман.  

 

Жұлдыз БЕЙСЕК



Бөлісу: