Ауылым
жеке
блог
блог
Күбіге құйып айранын,
Қазанда асын қайнатқан,
О, менің жақұт қайнарым,
Арлы жүзімді жайнатқан.
Алыстан келсем аптығып
Ақ жаулығымен алдымнан
Жасын сүртіп ап, шат күліп,
Тәттісін апам алдырған.
Ағаларым-ай аспандай,
Жеңгелерім-ай бір төбе.
Құрбыларым-ай дастандай
Қырға шығатын гүл тере.
Дауылың қайда ұшырар,
Жауының қайда құятын
Күркеңнен мен бе қысылар,
Қуысыңа да сиямын.
Мейіріменен құшатын
Қалтама жұқа қарамай.
О, менің жылы құшағым,
О, менің дархан далам-ай.
Сексеуілім, жусаным
Сендерге келдім нәр алмай
Сылдырап аққан сонша күн
Иісіңе бір қана алмай.
Ақниетіңнен әперші
Кеудеме сақтап қояйын
Топырағыңнан әкелші
Жұпарыңа бір тояйын.
Келіп тұр бүгін өзіңе
Әлдилеп арын әппағын
Жүрегі ме, әлде өзі ме
Үзіліп түскен жапрағың.
Жұлдыз Бейсек.