Асылдарым
жеке
блог
блог
Асылдарым, бауырларым, жандарым,
Өздеріңсің – алыс кетсем аңсарым.
Қанымыз бір, жанымыз бір біздердің,
Сендерсіңдер – жанып тұрған жанарым!
Сендерсіңдер – қызғалдағы даламның,
Сендерсіңдер – қуанышы анамның.
Бауырмал боп бірімізге-біріміз,
Сөндірмейік ақ үмітін анамның.
Әкем әр кез қайғырады, күйінед,
«Әттең болса қолқанатым, ұлым» деп,
Бірақ тағдыр маңдайына жазылған
Батына алмас ешкім оған қарсы кеп.
«Бір тұяқ, бір із артта қалмады» деп,
«Қара шаңырақ қаңырап қалады» деп,
Уайым шегіп, білем әке, жыларыңды,
Бірақ білмейм қалай жол табарымды.
Анам, байғұс кінәлап кейде өзін,
Тыя алмай жасқа толған екі көзін.
Көп қиналған анам менен әкеме,
Ей, Аллам, бере көрші өзің төзім!