Арманда
жеке
блог
блог
Арманда жаным арманда
Күмән басым болсада
Өмір сүрген бір бақыт
Арманың болса жалғанда
Махаббатты арманда
Саяхатты арманда
Армандаумен тоқтама
Мақсат қой тағы алдыңа
Асу көп әлі алдың да
Жасқанба тек жасқанба
Арманың орындалмаса
Арманда тағы арманда
Арманның сара жолында
Білім ал еш тартынба
Білмесең сұра қысылма
Қысылу керек тек қана
Жалқаулық бойды басқанда
Арманы бар адам
Қанаты бар құс сынды
Биік самғап әрқашан
Өткізіңіз өмірді