Сүйгелі...
Сезімнің саған деген құлқы күшті,
Басымнан бақытымның бұлты ығысты.
Жүрегімді өртеген ыстық жалын
Жанымды түртіп ұшты.
Жүргеніммен...
Құмар күндер құнымды езіп мүлде,
Шашам кімге мұңымды?
сезіп күлме!
Дал - дал болған шағымда оятам деп
Әлде сен кезіктің бе?...
Мейлің енді...
Әсер етпес түссе де жасын маған,
Түндер қайда жанарлас, жас ұрлаған.
Жүрегімнің түбінде жатсың, жаным-
Сырлар бүгіп, аралдай ашылмаған...
Дастан Қастай