Әппақ қар...

Әппақ қар...
жеке
блог

Көк төсінен үлбіреген әппақ қар,
Менің жаным - жерге қона алмаған.
Қонар, бәлкім, ұшырасса бақбақтар,
Көздеріңді көру үшін арбаған.

Қыламықтап жауып жатқан әппақ қар,
Сенің жаның - маған сездіре алмаған.
Нәзіктерде оқылмаған хаттар бар,
Тереземе кеп қонады шаң болған.

Ақ ұлпасын жайған шақта аспан бар,
Саған нұрын төкті ме деп қуанам.
Жапалақтап жауып жатқан әппақ қар -
Жүрегім ғой құшағыңа құлаған.
Жұлдыз Бейсек.