Анамның айтқаны...

Анамның айтқаны...
жеке
блог

Қалың қалай құлыным?
Саған жаусын, Алланың ақ нұры мың.
Анаң ғой бұл xабарласқан тал түсте
Халын білсем деп xабарсыз ұлының!

Жұмысың ше, жүріп жатқан болар деп,
Мендегі сол саған деген алаң тек...
Бір қоңырау жетіп жатыр өзіңнен,
Үйіп- төгіп сыйлық алма маған деп.

Сені күтіп күні -түні алаңмын,
Басып алды көңілімді жалаң мұң.
Айып етпе мазаласам жалғызым,
Сағынышы... деп білгейсің анаңның!

Мөлтілдеген жанарымның жасына,
Алаң болма, жылады деп жасыма.
Баспалдағын өміріңнің жазбай бас,
Әр сәтімде бақ тілеймін басыңа.

Қартайдық па қайғы ойладық білмедім,
Еске түсіп бала күнгі күлгенің...
Жалғызым-ау сөзім емес тілдегі,
Жүрегімнің лүпілі ғой бұл менің!

Кешіксең де келмей кетпе кешермін,
Қуанатын күн туады көшер мұң...
Сенің жаның мұрынының ұшында,
Есіңде тұт әкең менен шешеңнің!

Кешір ана!
Маған әкем сіз үлгі,
Қуып келем үйге барар ізімді...
Жүрегімнің үзілген жоқ сезімі,
Қоңыраудың үні ғана үзілді...
Дуд... Дуд...

16.12.2016